Accessibility links

Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау басталды


Сайлау учаскесінде дауыс беріп тұрған адам (Көрнекі сурет).
Сайлау учаскесінде дауыс беріп тұрған адам (Көрнекі сурет).

Қазақстанда бүгін аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кенттер мен ауылдық округке кірмейтін ауылдардың әкімдерін сайлау басталды. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, әкімдерді сайлау 14 облыста 4-25 тамыз аралығында өтеді. Биыл өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына, кейбір ауылдық округтердің жойылуына, сайланған әкімдердің өкілеттіктерінің уақытынан бұрын тоқтатылуына байланысты 2440 аудан мен ауылдың 1413-інің әкімдері сайланады. Қазақстанда алғашқы әкім сайлауы 2013 жылы өткен.

Аймақтық сайлау комиссияларының мәліметіне қарағанда, 1413 әкімдік қызметке 4056 адам ұсынылып, оның 3895-і кандидат болып тіркелген.

Сайлау туралы заң бойынша, ауыл әкімдерін аудандық мәслихат депутаттары сайлайды. Әкімдікке кандидаттарды аудан әкімі жергілікті халық өкілдерімен кеңесе отырып ұсынады.

2013 жылы өткен ауыл әкімдерін сайлау туралы Азаттықтың видеосы (11.07.2013)

Әкім сайлауы
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:46 0:00

XS
SM
MD
LG