Accessibility links

СІМ: "Египеттегі алты студент елге оралды"


Әнуар Жайнақовтың Facebook парақшасынан алынған сурет
Әнуар Жайнақовтың Facebook парақшасынан алынған сурет

4 тамызда Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook парақшасында Египеттен алты қазақстандық студенттің еліне қайтып оралғанын хабарлады.

Жайнақов: "Еліміздің барлық алты азаматы бүгін Мысырдан өз еліне аман-есен оралды. Қазір олар өз үйлеріне т­уыстары мен жақындарына бара жатыр" деп жазды.

СІМ баспасөз қызметі жетекшісінің постына үш фотосурет тіркелген. Суретте әуежайда жүк сөмке ұстап тұрған алты жас жігіт көрінеді.

Египетте бірге пәтер жалдап тұрып жатқан алты қазақстандық студенттің 20 шілдеден бері байланысқа шықпай қалғаны хабарланып, кейін оларды Египет ұлттық қауіпсіздік қызметі ұстап әкеткені жайлы ақпарат тараған еді. Осыған байланысты "тіл үйренуге кетті" деген алты қазақстандық азаматты босату және оларды елге қайтару жұмыстары басталған. Ресми Астана Египет үкіметіне сол елде қамауда отырған алты қазақстандық студенттің жағдайын түсіндіруді сұрап, ресми қарсылық нотасын да жолдаған.

XS
SM
MD
LG