Accessibility links

Уфада бір топ үлескер үй құрылысы басында аштық жариялады


Үлескерлер қаржысын салған, бірақ құрылысы бітпей қалған көпқабатты тұрғын үй ғимараты. Уфа, 23 маусым 2017 жыл.
Үлескерлер қаржысын салған, бірақ құрылысы бітпей қалған көпқабатты тұрғын үй ғимараты. Уфа, 23 маусым 2017 жыл.

Ресей құрамындағы Башқұртсан астанасы Уфа қаласында жұма күні 14 үлескер құрылысы бітпеген көпқабатты үйдің басында аштық акциясын бастаған деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Бірақ наразылардың үшеуі денсаулық жағдайларына байланысты наразылық акциясын сол күні тоқтатуға мәжбүр болған.

РБК-Башқұртстан ақпарат құралының хабарлауынша, үлескерлер даулы үй құрылысын салушы "Меркурий" компаниясы 2011 жылы банкрот болып қалғандықтан, бітпей қалған құрылыс ғимараты мен ол тұрған жер телімін өздерінің тұрғын үй-құрылыс кооперативіне беруді талап етеді.

"Меркурий" компаниясы жалпы саны 156 отбасымен келісім-шарт жасаған.

Компания құрылысын аяқтамаған тұрғын үй ғимараты Башқұртстан мемлекеттік құрылыс комитетінің проблемалық нысандар топтастырылған қара тізіміне алынған. "Меркурий" компаниясы басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG