Accessibility links

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еуропа Одағы Мәскеу аннекиялап алған Қырымға Siemens турбиналарын жеткізгені үшін Ресейге қатысты санкцияларды кеңейтті. Бұл туралы шешімді Еуропа Одағы кеңесі тамыздың 4-і күні қабылдаған.

Бұл жолы санкциялар тізіміне үш адам - Ресей энергетика министрінің орынбасары Андрей Черезов, "Технопромэкспорт" компаниясы жетекшісі Сергей Топор-Гилка мен Ресей энергетика министрлігі департаменті басшысы Евгений Грабчак енгізілді. Солармен бірге, Қырымда жылу энергетикалық станциясын салуға қатысқан "Технопромэкспорт" және "Интеравтоматика" компаниялары да санкцияға ілікті. Бұл компаниялардың бірі Қырымға Siemens турбиналарын тасымалдаумен айналысқан, екіншісі - оларды түбекте орнатқан.

Бұған дейін Германияның Ресейге қатысты санкцияларды кеңейту туралы ұсыныс білдіргені хабарланған еді. Шілденің соңында жаңа санкциялар туралы Еуропа Одағы елдерімен келісілген. Әуелде санкциялар тізіміне төрт жеке тұлға және үш заңды тұлға кіргізілмек деп хабарланған еді.

Шілденің 21-і күніSiemens концерні ресейлік мемлекеттік компанияларға құрал-жабдық сатуды доғаратыны туралы жариялаған. Концерн өкілдері 2016 жылғы жазда Ресейдің Краснодар өлкесіне сатылған турбиналар жетілдіріліп, Қырым түбегіне заңсыз апарылғанына дәлелдер табылғаны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG