Accessibility links

Қарағанды облысында екі автобус соқтығысып, жеті кісі зардап шеккен


Қарағанды облысындағы Қарағанды-Шахтинск бағытындағы жолда "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының автобусы №121 маршрут бойынша жолаушы тасымалдайтын автобуспен соқтығысып, салдарынан жеті адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған деп хабарлайды Қазақпарат. Оқиға жұма күні болған. Бір автобуста 30 адам, екіншісінде – 10 адам болған.

"Жол-көлік апатының мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен жеті адам ауруханаға жеткізілді" деп хабарлаған Қарағанды облыстың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Оның айтуынша, жол-көлік апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, сараптама тағайындалған.

XS
SM
MD
LG