Accessibility links

БАҚ: Пентагон Украинаға танкіге қарсы қару беруді ұсынған


АҚШ сарбазының жаттығу кезінде Javelin зымыран кешенінен атып жатқан сәті. (Көрнекі сурет.)
АҚШ сарбазының жаттығу кезінде Javelin зымыран кешенінен атып жатқан сәті. (Көрнекі сурет.)

Пентагон Ақ үйге жаяу сарбаз қолданатын қару түрі - Javelin зымыран кешенін Украинаға беру туралы кеңес айтқан. Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрлігіндегі дерек көздеріне сілтеме жасап NBC хабарлады. Оның мәліметі бойынша, Пентагон Украинаны жалпы сомасы 50 миллион доллардың әлгіндей әскери зымыран кешендерімен қамтамасыз етуді ұсынады.

Javelin әскери зымыран кешені беренді техникаға, тікұшақтар мен ұшқышсыз басқарылатын аппараттарға қарсы қолдануға арналған.

Бұған дейін Wall Street Journal басылымы АҚШ қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік департаменті Украинаға танкіге қарсы снарядтар, зениттік кешендер мен қарудың өзге де түрлерін беру жөнінде бірлесіп жасаған жоспарын Ақ үйге мақұлдау үшін енгізгені туралы хабарлаған. Бұл қару-жарақтың барлығы тек шұғыл жағдайлар кезінде қорғану үшін ғана қолдануға арналғандығы, Украинаның шығысындағы әдеттегі әскери іс-қимылдар барысында еш қолдануға болмайтындығы айтылған.

Америкалық әскерилер мен дипломаттар Украинаға беру ұсынылып отырған бұл қару тек қана қорғану мақсатына және Донбастағы соғыс жүріп аймақтардағы ресейлік әскери кеңесшілерді айтпағанның өзінде, Мәскеудің сондағы сепаратистерді қамтамасыз етіп отырған танкілер мен қазіргі заманғы қару-жарақтың басқа да түрлеріне қарсы тойтарыс беруге арналғанын атап көрсеткен. Бұрынғы президент Обаманың тұсында Вашингтонның Украинаға көмегі украин әскерилерін жаттықтыру және адам өлтіруге арналмаған әскери жабдық түрлерімен шектелетін.

XS
SM
MD
LG