Accessibility links

Саакашвили 1944 жылғы Варшава көтерілісін еске алу шарасында сөйледі


Михаил Саакашвилиге қолдау танытып, билік шешімін наразылық акциясында тұрған адамдар. Киев, Украина, 27 шілде 2017 жыл.
Михаил Саакашвилиге қолдау танытып, билік шешімін наразылық акциясында тұрған адамдар. Киев, Украина, 27 шілде 2017 жыл.

Грузияның экс-президенті және Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили Польшада 1944 жылғы нацистік басқыншыларға қарсы Варшава көтерілісін еске алуға арналған салтанатты шараға қатысты. Тамыздың 4-і күні Варшавада өткен шарада сөйлеген сөзінде ол Польша мен поляктарға «Украинаға және менің туған Грузияма басқыншыларға қарсы күресуіне қосқан үлесі үшін» алғысымды білдіремін деді.

«Өлмек пе, қалмақ па деген дилеммаға кезіккен Польша тәрізді, тап сондай жағдайға тап болған Украина мен Грузия да әлем картасында қаламын ба, жоқ па деген сауалға жолыққан болатын», - деген Саакашвили Украина мен Грузияның 1944 жылы Польша салған жолға түскенін айтқан. «Польша Еуропаның осы бөлігіндегі еркіндік нышаны және Украина, Грузия мен аймақтың өзге де елдеріне үлгі болып табылады», - деген Саакашвили.

Саакашвили сонымен бірге 2008 жылғы тамызда – Ресей әскері Грузияның сепаратистік аймақтары Абхазия мен Оңтүстік Осетияға кірген кезде Тбилисиге сапармен барған Польшаның бұрынғы президенті, марқұм Лех Качиньскийді құрметпен еске алды.

«1940 жылдары күйреген көне Варшаваның әдемі де үлкен ғимараттарының жоқтығы поляк халқының мызғымас жанының нышаны», - деген Варшаваға АҚШ-тан барған Михаил Саакашвили. Бұл оны украин азаматтығынан айыру туралы шілденің 26-сы күні Украина президенті Петр Порошенконың жарлығы шыққалы бері Михиал Саакашвилидің алғашқы халықаралық сапары болды. Саакашвили Пороенконың шешімін «мені Украинаның саяси сахнасынан ығыстырудың заңсыз әдісі» деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG