Accessibility links

Трамп кеңесшісі: АҚШ Ресейге қарсылас әрі әріптес болады


АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Герберт Макмастер.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Герберт Макмастер.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Герберт Макмастердің мәлімдеуінше, Дональд Трамп Ресеймен қарсылас әрі әріптес болуды жөн санайды.

MSNBC телекомпаниясына сұхбатында Макмастер президент Трамптың Мәскеумен қарым-қатынасты шиеленістіретін жанжалдарды тізгінде ұстауға шақыратынын, бірақ, сонымен бірге АҚШ-тың мүддесіне қысым жасалған жағдайда оған қарсы тойтарыс беруге әзір екені туралы айтқан.

Трамптың кеңесшісінің сөзінше, Ресей Украинаның шығысында қауіпті ахуал туғызып отыр, бірақ Вашингтон әзірше Киевке әскери емес қорғаныс құралдарымен ғана көмектеспек. Егер Ресей тарапынан агрессия ұлғаятын болса АҚШ билігі Украинаға әскери қару-жарақ берудің барлық мүмкіндігін қарастыратын болады деген ол.

Макмастер жақында Трамп қол қойған Ресейге қарсы санкцияларды ұлғайту туралы заңға қарамастан, Мәскеумен арада өзара іс-әрекет жасау мүмкіндіктері әлі бар деп санайды.

Солтүстік Кореяның агрессиялық пиғылын ауыздықтау шараларына қатысты пікірінде Трамптың кеңесшісі барлық варианттар, соның ішінде әскери соққы беру мүмкіндіктері де қарастырылатынын, бірақ, ондай соғыс Оңтүстік Корея халқына үлкен қайғы-қасірет әкелетінін атап айтқан.

XS
SM
MD
LG