Accessibility links

Қазақстандық 245 турист Египеттен елге қайта алмай отыр


Шарм-әл-Шейх қаласындағы жағажай. (Көрнекі сурет.)
Шарм-әл-Шейх қаласындағы жағажай. (Көрнекі сурет.)

Египеттің Қызыл теңіз жағалауында демалуға барған қазақстандық 245 турист Шарм-әл-Шейх курортты қаласынан елге қайта алмай отыр деп хабарлайды Қазақпарат. Тамыздың 5-і күні олар Алматыға ұшып шығуы тиіс болған Sanday Аirlines әуе компаниясы жолаушыларға әуе рейсінің алдағы сейсенбіге дейін бөгелетіні туралы хабарлама таратқан.

Әуелде ұшақ 12 сағатқа кешігіп ұшатыны жайлы хабарланған. Бірақ кейін әуе компаниясы қазақстандық туристерді әуе рейсінің тамыздың 8-іне қалғаны туралы ескерткен.

"EasyTravel туристік компаниясының жетекшісі Нұралхан Бисенов қазақстандық туристердің әзірше Шарм-әл-Шейхтегі қонақүйде қалғанын айтты", - деп хабарлады Қазақпарат.

Бисеновтің сөзінше, әуе компаниясы тасымалдау қызметін көрсететін өзге бағыттардағы әуе рейстері де бөгелуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG