Accessibility links

ҰБТ тапсырған 14 мың түлек межеден өте алмады


ҰБТ тапсыратын жерде тұрған түлектер мен ата-аналары. (Көрнекі сурет.)

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша, биыл сынаққа қатысқан түлектердің 80 пайыздан астамы жоғары оқу орындарына түсуге қажетті межелі балл жинаған. Бұл туралы білім және министрлігіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.

"ҰБТ-ға қатысқандардың 84 пайызы жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндік беретін межеден өтті. Бірақ биыл ең көп 140 балды ешкім алған жоқ. 14 066 адам ҰБТ-ның ең төменгі межесінен өте алмады", - делінген білім және ғылым министрлігі хабарламасында.

Министрлік ақпаратына сәйкес, шілденің 1-і күні аяқталған ҰБТ сынағына жалпы саны 88 595 мектеп бітіруші қатысқан. 67 627 түлек тест сұрақтарына қазақ тілінде, 20 968 – орыс тілінде жауап берген.

ҰБТ тапсырушылар саны бойынша ең көп адам Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген – тест сұрақтарына жауап беруге 21 327 адам қатысқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG