Accessibility links

Алматыда көлік көп жүретін жол опырылды


Көшенің құбыр жарылған тұсындағы жолда кетіп бара жатқан автокөліктер. Алматы, 21 сәуір 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Көшенің құбыр жарылған тұсындағы жолда кетіп бара жатқан автокөліктер. Алматы, 21 сәуір 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Алматыда көлік көп жүретін жол опырылып түскені туралы Қазақпарат агенттігі хабарлады. Оқиға Момышұлы мен Ақын Сара көшелерінің қиылысында болған. Қалалық әкімдіктегілердің айтуынша, төтенше жағдайға тозығы жеткен су құбырының жарылуы себеп болған.

"Қалалық қызметтер диаметрі 1 000 миллиметр болатын магистральді құбырдан аққан су басқан жол бөлігіндегі қозғалысқа шектеу енгізді. Ал қалаға кіретін жол аймағы ішінара ашық тұр. Алдын ала мәлімет бойынша, 1980 жылдан бері пайдаланылып келген су құбырының тозуынан төтенше жағдай болған", - деп хабарлаған Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Қазақпарат агенттігіне.

Жөндеу жұмыстарына коммуналдық шаруашылықтың ондаған маманы және 30-дан аса техника құралы жұмылдырылған. Жарылған құбырды бірнеше сағаттың ішінде алмастырған. Коммуналдық және жол қызметтері опырылған жол бөлігі жақын күндері қалпына келтіріліп, гидравликалық сынақтар өткеннен кейін ашылады деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG