Accessibility links

Асад әскері Хомс провинциясындағы ИМ тобының соңғы тірегін басып алды


Сирияның Хомс провинциясындағы Талбиси қаласында велосипед теуіп бара жатқан адам. 3 тамыз 2017 жыл.

Сирияның Хомс провинциясында "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының соңғы тірегі болған Әл-Сухна қаласы президент Башар Асад әскерінің қолына өтті. Бұл қала ежелгі Пальмира қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 70 километр қашықтықта, 2015 жылдың басынан бері жихадшылар қоршауда ұстап келген Дейр-Эззор қаласына баратын жолда орналасқан.

Ұлыбританияда орналасқан сириялық адам құқығы жөніндегі орталықтың мәлімдеуінше, үкімет әскері қаланы тамыздың 5-і күні, артиллериялық ауыр соққыдан кейін және ресейлік әскери ұшақтардың көмегімен алған.

Сирияның мемлекеттік SANA ақпарат агенттігі үкімет армиясы қаланы үш жақтан қоршады деп хабарлады. Асадқа бағынышты қарулы күштер ел астанасы Дамаск мен Ефрат өзені аңғарындағы Дейр-Эззор және өзге де қалалар арасындағы үлкен шөл аймақты қайтару үшін мамыр айынан бері Ресейдің көмегімен көлемді әскери операция жүргізіп келеді.

АҚШ қолдайтын сириялық демократиялық оппозиция күштері қазір бұған дейін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы өзінің "астанасы" деп жариялаған Ракка қаласының жартысынан көбін бақылауында ұстап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG