Accessibility links

Қытай Пхеньянға қарсы санкцияны күшейтуді қолдады


Ван И, Қытай сыртқы істер министрі.
Ван И, Қытай сыртқы істер министрі.

Қытай БҰҰ-ның Солтүстік Кореяға салған жаңа санкциясын Пхеньянның бірнеше мәрте баллистикалық зымыран сынағанына берілген дұрыс жауап деп атады. Бірақ Пекин Корея түбегіндегі бұл "күрделі" мәселені шешудің ең маңызды жолы диалог болып қала беретінін айтады.

"Санкциялар қажет, бірақ ол түпкілікті мақсат емес" деп мәлімдеді Қытай сыртқы істер министрі Ван И Манилада өтіп жатқан АСЕАН елдері форумының аясында Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Ли Ен Хомен келіссөзден соң.

Ван И Пхеньянға БҰҰ қарарларын байсалды түрде бағалауға және аймақтағы жағдайдыс шиеленістірмеу үшін зымыран мен ядролық қару сынақтарын тоқтатуға шақырғанын хабарлады.

5 тамызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның таяуда құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағанына жауап ретінде бұл елге қарсы санкцияны қатаңдатуды бірауыздан қолдаған.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Қытайды Вашингтон қолдаған құжатты қолдағанын құптаған.

Жаңа санкция бойынша Солтүстік Кореяның сыртқа шығаратын көмір, темір, қорғасын және теңіз өнімдеріне эмбарго салынады. Бұған қоса БҰҰ-ға мүше елдерде Солтүстік Кореядан барған жұмысшылар санын көбейтуге, Солтүстік Кореямен бірлескен кәсіпорындарды кеңейтуге және ондай кәсіпорындарды жаңадан құруға тыйым салынады. БҰҰ санкция тізіміне бұрынғыларға қосымша Солтүстік Кореяның тоғыз азаматы мен төрт компаниясы енгізілген.

XS
SM
MD
LG