Accessibility links

Венесуэла "әскери бүлік әрекетін болдырмағанын" мәлімдеді


Каракастағы "Конституциялық ассамблея" сайлауына қарсы демонстрациялар кезіндегі қақтығыс. Венесуэла, 30 шілде 2017 жыл.

Венесуэла билігі Валенсия қаласында әскери бүлік жасау әрекетінің алдын алды деп мәлімдеді биліктегі Социалистік партияның депутаты Диосдадо Кабельо. Мұның алдында ғана интернетте әскери киімдегі бір топ адамның президент Николас Мадуроға қарсы шығуға үндеген бейне жазбасы жарияланған.

Мадуро үкіметінің жақтастары да бірден 20 жыл бұрын бұрынғы президент Уго Чавес бастап, Николас Мадуро жалғастырған "Боливар революциясын" басқысы келетін "оңшылдардың астыртын әрекет жасамақ болғанын" мәлімдеді.

Бұған дейін 6 тамызға қараған түні Валенсия маңындағы Нагуанагуа қаласындағы әскери база орналасқан ауданда атыс үні естілгені туралы куәгерлерге сілтеме жасаған ақпараттар тараған. Кейін Кабельо базаны басып алу әрекетіне тойтарыс беріліп, билік жағдайды бақылауына алғанын мәлімдеген.

Қорғаныс министрлігі әзірге бұған қатысты комментарий берген жоқ.

Венесуэла оппозициясы, азаматтық белсенділер, көптеген Батыс елдері мен халықаралық ұйымдар таяуда үкіметті қолдайтын "конституциялық ассамблея" сайлауын билікті узурпациялау әрекеті деп бағалаған. Шексіз өкілеттікке ие органды президент Мадуро өзіне оппозициядағы парламентке балама ретінде құрған.

"Конституциялық ассамблея" Мадуроның жүргізіп отырған саясатына қарсы шыққан бас прокурор Луиза Ортеганы отставкаға жіберген.

Мұнай өндіру көлемі бойынша әлемдегі алғашқы ондыққа кіретін Венесуэлада әлеуметтік-экономикалық дағдарыс барған сайын дендеп барады: елде азық-түлік тауарлары мен дәрі-дәрмек тапшы, баға тез өсіп жатыр, жергілікті валютаның бағамы қатты құнсызданып кетті.

Соңғы төрт айда Венесуэлада қақтығыстар салдарынан 120 адам мерт болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG