Accessibility links

Қазақстанда 4,5 мыңға жуық мұғалім тапшы


Қазақстан мектептерінің бірі.
Қазақстан мектептерінің бірі.

Қазақстан мектептерінде 4480 мұғалім жетіспейді. Бұл туралы Азаттыққа білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінен хабарлады.

- Әсіресе бастауыш сыныптар, математика, орыс тілі, ағылшын тілі, физика, химия пәндерінен мұғалім жетпейді, - дейді департамент директоры Шолпан Каринова.

Министрлік мәліметінше, биылғы оқу жылында 370 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. 2015 жылы 336 мың, 2016 жылы 369 мың бала мектеп табалдырығын аттаған.

XS
SM
MD
LG