Accessibility links

Париждегі шабуылдан соң терроризм ісі қозғалды


Эйфель мұнарасына жақын аумақта жүрген француз әскерилері. Париж, 23 сәуір 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Эйфель мұнарасына жақын аумақта жүрген француз әскерилері. Париж, 23 сәуір 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Франция прокуратурасы Парижде Эйфель мұнарасына барар жолда пышақ ұстаған адам ұсталған соң терроризм туралы іс бойынша тергеу бастағаны хабарланды. 5 тамыздың кешінде болған оқиғадан бес адам жараланған.

France Press агенттігінің тергеуге жақын дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, қамауға алынған күдікті тергеушілерге "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының мүшелерімен байланыста болғанын және әскерилерге шабуыл жасауды жоспарлағанын мойындаған. Ұсталған күдікті - Мавританияда туған, 19 жастағы Франция азаматы. Өткен жылы психологиялық проблемаға шатылған.

Оқиға кезінде Эйфель мұнарасы Paris Saint-Germain футбол клубының түсі сияқты жарықпен көмкерілген болатын.

2015 жылы қарашада Парижде 130 адам қаза тапқан шабуылдардан соң Францияда төтенше жағдай режимі енгізілген.

XS
SM
MD
LG