Accessibility links

Бахрейнде жоғалған қазақстандық үйіне оралды


Бахрейн картасы (Көрнекі сурет).
Бахрейн картасы (Көрнекі сурет).

Бахрейнде жоғалғаны туралы тамыздың басында хабарланған Қазақстан азаматы Тагина Хайтметова үйіне оралды деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

24 жастағы Тагина Хайтметова 27 шілдеде Астанадан Дубайға ұшып кетіп, одан Бахрейнге барған. Хайтметованың ата-анасы 29 шілдеде қызымен байланыс үзілген соң оны табуға көмектесуін сұрап, қазақстандық дипломаттарға өтініш білдірген.

"Қыз өздігінен Қазақстанға оралды, қазір туыстарының жанында. Ата-анасының хабарлауынша, қызда барлығы жақсы" деді Жайнақов журналистерге. Онң сөзінше, Хайтметова "кәдімгідей психологиялық зардап шеккен және әзірге оның сөйлесуге мұршасы жоқ".

Жайнақов Хайтметова Бахрейнде өзін күштеп ұстаған болуы мүмкін екені туралы арызданбады дейді. СІМ өкілі "істің барлық мән-жайы анықталып жатқанын" айтты.

XS
SM
MD
LG