Accessibility links

Кабул шабуылдарынан соң қауіпсіздік күшеймек


Кабул көшесінде тұрған полиция қызметкері. Ауғанстан, 6 тамыз 2017 жыл.
Кабул көшесінде тұрған полиция қызметкері. Ауғанстан, 6 тамыз 2017 жыл.

Ауғанстан билігі жүздеген адамның өмірін қиған бірнеше шабуылдардан соң Кабулдың үкімет мекемелері мен шетелдік елшіліктер орналасқан ауданында және ел аумағында қауіпсіздікті күшейтті. Кабул полициясы бастығының міндетін орындаушы Салем Ахсаас Reuters агенттігіне жаңа қауіпсіздік жоспары бойынша, басымдық берілетін территория Кабулдың дипломатиялық өкілдіктер орналасқан ауданы болатынын айтқан. "Бұл ауданға төнетін қауіп деңгейі өте жоғары және біз мұнда қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек" деді ол.

БҰҰ мәліметі бойынша, биылғы жылдың алғашқы алты айында Кабулда көпшілігін "Талибан" мойнына алған шабуылдар мен жанкештілер шабуылынан 209 бейбіт тұрғын қаза тауып, 777 адам жараланды.

Жаңа қауіпсіздік жоспары бойынша, елшіліктер орналасқан аудан арқылы өтетін 42 көшенің бойында 27 тұрақты бақылау-өткізу пункті жұмыс істейді. Бақылау-өткізу пункті жарылғыш зат бар-жоғын тексеретін мобильді сканер құрылғылармен, бақылау камераларымен жабдықталып, қызметтік иттер жұмыс істейді. Кабулге баратын жүк көліктері қалаға кіретін негізгі сегіз жолдың төртеуінде орналасқан сканерлейтін құрылғылар арқылы өткізіледі. Биліктің мәліметінше, қалған төрт пунктке сканерлер кейінірек орнатылады.

XS
SM
MD
LG