Accessibility links

БАҚ: Пхеньян Сеулмен келіссөзден бас тартты


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын жабық нысанда баллистикалық зымыранды қарап жүр.
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын жабық нысанда баллистикалық зымыранды қарап жүр.

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяның екі ел арасында әскери келіссөзді қайта жалғастыру туралы ұсынысынан бас тартты. Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Сеулдің бұл ұсынысында "адал ниет жетіспейтінін" айтқан. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Йонхап агенттігі хабарлады.

Екі ел сыртқы істер министрлері 6 тамыз күні Манилада Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы (АСЕАН) саммиті аясында қысқа уақыт (шамамен үш минут) кездескен.

Шілденің ортасында Сеул Пхеньянға екі мемлекет арасындағы бейтарап аймақта әскери келіссөздер өткізу туралы ұсыныс жасаған. Оңстүстік Корея сол арқылы шекара тыныштығын сақтап, екіге айрылған отбасыларды қосуды көздейді. Мемлекеттер 1950-жылдары Корей соғысы кезінде екіге бөлінген болатын. Соңғы мәрте әскери келіссөздер 2015 жылы өткен.

5 тамызда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньянға қатысты санкцияларын күшейткен. Оған Солтүстік Кореяның жақында құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізуі түрткі болды.

XS
SM
MD
LG