Accessibility links

Назарбаев: Жаңа санкция әсері Қазақстанға да тиюі мүмкін


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні еңбек демалысынан шығып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

Жұмыс кездесуінде Назарбаев Қазақстан экономикасына Батыстың Ресейге қарсы қабылдаған санкциялары әсер етуі мүмкін екенін ескертіп, үкіметке жақсы нәтижеге жету үшін "қызу" жұмыс істеу керектігін ескертті.

"Үкімет бар күшімен жұмыс істеп отыр деп есептеймін. Жылды жақсы нәтижелермен қорытындылау үшін бәріңізді ұйымшылдықпен жұмыс істеуге шақырамын. Тәуекелді тұстар да жоқ емес. Энергия шикізатын тасымалдаушыларымызға, шикізат өнімдеріне бағаның құбылуы сияқты қауіп-қатерлер бар. Бәлкім, Батыстың Ресейге қатысты санкциялары әсер етер. Осыны ескеру қажет" деді Назарбаев.

АҚШ президенті Дональд Трамп биыл 2 тамызда Ресейге қарсы жаңа экономикалық санкциялар салатын заңға қол қойды. Сол күні Қазақстанның айырбас пунктерінде доллар бағамы 343 теңгеге дейін көтерілді.

XS
SM
MD
LG