Accessibility links

Рябков: Ресей долларға тәуелділікті азайтады


Срегей Рябков, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары.
Срегей Рябков, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары.

Ресей есеп айырысу валютасы ретіндегі доллар мен америкалық төлем жүйесіне тәуелділікті азайту талпыныстарын күшейтетінін мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков.

Әлемде мұнай, газ және басқа да шикізат негізінен доллармен саудаланады және АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкциялары Ресейдің энергетикалық секторына ауыр тиіп отыр.

"Біз, әрине, импортты алмастыру, америкалық төлем жүйесі мен долларға есеп айырысу валютасы ретіндегі тәуелділікті азайтуға қатысты жұмысты жандандырамыз. Бұл қазір күйіп тұрған мәселе" деді Рябков 7 тамызда "Международная жизнь" журналында жарияланған сұхбатында.

Ол Ресей аталған шараларды жасамаса "өмір бойы АҚШ-тың қармағында отыратынын" айтты. Рябков сұхбатында АҚШ-тың салған санкциясы "мақсатқа жеткізбейтінін" де айтқан. АҚШ Ресейге Украинадағы басқыншылығын тоқтатуға мәжбүрлеу және Сириядағы азаматтық соғыста үкімет әскерін қолдауды доғаруына ықпал ету үшін қысым жасауға талпынып жатыр.

"Ресей қысымға төтеп береді және ешкімнің айтқанымен жүрмейді" деді Рябков.

XS
SM
MD
LG