Accessibility links

Қытай: Пхеньянға қарсы санкцияны қатаң орындаймыз


Қытай сыртқы істер министрі Ван И журналистер алдында сөйлеп түр. Манила, 8 тамыз 2017 жыл.
Қытай сыртқы істер министрі Ван И журналистер алдында сөйлеп түр. Манила, 8 тамыз 2017 жыл.

Қытай Солтүстік Кореямен тығыз экономикалық байланыста болғандықтан БҰҰ-ның Пхеньянға қарсы салған санкциясынан өзге елдерден көп зардап шегеді. Манилада өтіп жатқан қауіпсіздік форумында Қытай сыртқы істер министрі Ван И өткен аптада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мақұлдаған, Солтүстік Кореяға экспорт көлемін азайту туралы қарар Пекин Пхеньянның зымыран ұшыруларын тоқтатқанына мүдделі екендігін көрсететінін мәлімдеді.

"Қытай Солтүстік Кореямен дәстүрлі экономикалық байланыс орнатқандықтан бұл қарардың орындалуынан келетін залалды өтеу Қытайдың мойнына артылайын деп тұр. Бірақ халықаралық ядролық қаруды таратпау режимін, бейбітшілік пен аймақтағы тұрақтылықты сақтау үшін Қытай аталған қарардың барлық талабын қатаң әрі бұлжытпай орындайды" деді Ван И.

Қытай бұған дейін АҚШ билігінің Солтүстік Корея билігіне қарсы санкцияларды қатаңдату ұсынысын қолдаған. Дегенмен Пекин қатардағы солтүстік кореялықтармен жай сауда-саттыққа нұқсан келтірілмеуін талап еткен.

БҰҰ-ның соңғы қарары Солтүстік Кореядан көмір, темір, қорғасын және теңіз өнімдерін импорттауға тыйым салады.

XS
SM
MD
LG