Accessibility links

Министр: Сирия келіссөзі тамыздың соңына дейін өтеді


Қайрат Әбдірахманов, Қазақстан сыртқы істер министрі.
Қайрат Әбдірахманов, Қазақстан сыртқы істер министрі.

Жергілікті БАҚ Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановқа сілтеме жасап, Астанада Сирия бейбіт келіссөзінің жаңа кезеңі тамыздың соңына дейін өтеді деп жоспарланып отырғанын хабарлады.

Әбдірахманов сонымен қатар осы күндері Тегеранда гарант елдер - Ресей, Түркия және Иранның сарапшылары кездесіп жатқанын, оның қорытындысында жаңа кезеңнің күн тәртібіне шығарылатын мәселелер анықталмақ екенін айтты.

Өткен айда Ресей, Иран және Түркия дипломаттары Астанада өткен екі күндік кездесуде Ресейдің ұсынысы бойынша Сирияда құрылатын "деэскалация аймақтары" туралы түпкілікті келісім жасай алмаған.

Ресей мен Иран Сирия президенті Башар Асад әскеріне, ал Түркия Асадқа қарсы соғысып жатқан қарулы оппозициялық топтардың бір бөлігіне қолдау көрсетеді.

Өткен аптада Ресей қорғаныс министрлігі Сирия оппозициясымен қауіпсіздік аймақтарын құру туралы келісім жасасқанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG