Accessibility links

Конгресс Кремль насихатына шара қолдануы мүмкін


Элиот Энгел, америкалық демократ конгресмен.
Элиот Энгел, америкалық демократ конгресмен.

Америкалық конгресмендер егер Мемлекеттік департамент Ресей үгіт-насихатыына қарсы шара қабылдамаса, онда бұл бағыттағы арнайы іс-қимыл бағдарламасын бекітуі мүмкін екенін ескертті. Өкілдер палатасындағы сыртқы саясат комитеті жетекшілерінің бірі, ықпалды конгресмен Элиот Энгел АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонға бұл туралы хат жазған. Хатта ресейлік үгіт-насихатқа қарсы іс-қимыл стратегиясын жасап, оны конгреспен бірге іске асыруға шақырған. "Олай болмаған жағдайда өқкілдер палатасы мен сенат Ресей мен ИМ-нен ("Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы) туындайтын қауіп-қатерлерге заң жолымен жауап қайтару жолдарын іздестіруге мәжбүр болады" делінген хатта.

Конгресменнің хат жазуына өткен аптада Мемлекеттік департаменттің конгресс шетелдік, әсіресе ресейлік үгіт-насихат пен дезинформацияға қарсы іс-қимылға бөлген 80 миллион долларды жұмсамағаны туралы ақпарат түрткі болған. Конгресмендер Мемлекеттік департамент Мәскеумен кейбір мәселелер бойынша ынтымақтастық орнатуды көздеп, шамына тигісі келмейді деп қауіптенеді. Тиллерсонның сөзіне қарағанда, департамент бөлінген қаржыны барынша пайда тиетіндей етіп жұмсауды тездетпек.

7 тамызда Newsweek журналы өкілдер палатасының спикері, республикашыл Пол Райан Twitter-де өзін отставкаға кетуге шақыратын ақпараттарды таратқан ресейлік интернет-боттардың шабуылына ұшырағанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG