Accessibility links

Сот Ферузды депортациялауды уақытша тоқтатты


Худойберди Нурматов (бүркеншік есімі - Әли Феруз).
Худойберди Нурматов (бүркеншік есімі - Әли Феруз).

Мәскеу қалалық соты 8 тамызда "Новая газета" басылымының тілшісі, миграциялық заңнаманы бұзды деп айыпталған Худойберди Нурматовты (бүркеншік есімі Әли Феруз) Ресейден депортациялау туралы шешімнің орындалуын тоқтатты.

Судья Ферузды елден шығару процедурасы Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты журналистің шағымын қарағанша тоқтатыла тұрсын деген шешім шығарды. Феруз оған дейін босқындарды уақытша ұстау орталығында тұрады.

Әли Феруз (Худоберди Нурматов) 1 тамыз күні Мәскеуде "Новая газета" редакциясының ғимараты жанында ұсталды. Бір күн бұрын ол өзін депортациялау жөніндегі сот шешіміне қарсы апеллияциялық шағым түсіріп, саяси баспана сұраған. 1 тамызда Мәскеудің Басман соты журналисті Өзбекстанға депортациялау жөнінде шешім шығарған. Осыдан кейін ол өзіне қол жұмсамақшы болды. 2012 жылы Феруздың төлқұжатын ұрлап кеткен. Ол еліне барып, жаңа төлқұжат ала алмайды. Журналистің сөзінше, Өзбекстанда оған қарсы іс қозғалып, сотталуы мүмкін.

4 тамызда Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты Ресей билігіне Ферузды Страсбургте оның шағымы қаралғанша елден шығармауға нұсқау берген.

XS
SM
MD
LG