Accessibility links

Астана Ресейге қарсы санкция ықпалын зерттеп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Қазақстан энергетика министрлігі АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкциясының өзінің мұнай-газ жобаларына тигізер ықтимал салдарын зерттеп жатыр" деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

АҚШ-тың Ресейдің мұнай-газ бен банк секторларына жаңа санкция салуы Қазақстан энергетика министрлігінің алаңдаушылығын тудыра бастады. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Қазақстан энергетика министрлігі қазір санкциялардың Каспий теңізінің ресейлік бөлігінде "ҚазМұнайГаз" компаниясы іске асырып жатқан жобасына тигізуі мүмкін қаупін зерттеп жатыр.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 7 тамызда премьер-министр Бақытжан Сағынтаевпен кездесуінде көмірсутегі мен шикізат бағаларының құбылуына және Батыс елдерінің Ресейге салған санкциясының ықтимал салдарына байланысты Қазақстан экономикасына қауіп барын мәлімдеген.

Қазақстан энергетика министрлігі санкциялар Қарашығанақ жобасына әсер етпейді деп біледі, бірақ акция пакетіне Ресей иелік ететін Каспий құбыр тарту консорциумын кеңейту жоспарына қауіп төнуі мүмкін деп болжайды.

АҚШ президенті Дональд Трамп биыл 2 тамызда Ресейге қарсы жаңа экономикалық санкциялар салатын заңға қол қойды. Сол күні Қазақстанның айырбас пунктерінде доллар бағамы 343 теңгеге дейін көтерілді.

XS
SM
MD
LG