Accessibility links

Ресейде экс-министр Улюкаевтің соты басталды


Ресейдің бұрынғы экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев Мәскеуде сот залында отыр. 8 тамыз 2017 жыл.
Ресейдің бұрынғы экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев Мәскеуде сот залында отыр. 8 тамыз 2017 жыл.

Мәскеудің Замоскворецкий аудандық сотында Ресейдің бұрынғы экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевтің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Экс-министр ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.

РИА "Новости" агенттігінің хабарлауынша, сот басталар алдында бұрынғы шенеунік өзінің кінәсіз екенін тағы да мәлімдеген. Сот жабық түрде өтіп жатыр.

Алексей Улюкаев өткен жылы қараша айында "Роснефть" компаниясының кеңсесінде тұтқындалған болатын. Тергеу ұйғарымынша, ол "Башнефть" компаниясын сатып алу бойынша келісімге оң баға беру үшін "екі миллион доллар пара алмақ болған".

2013 жылы экономикалық даму министрі болған Улюкаев тұтқындалған соң қызметінен босатылды.

XS
SM
MD
LG