Accessibility links

Саакашвили Литвада Ресейді айыптады


Михаил Саакашвили, Грузияның бұрынғы президенті
Михаил Саакашвили, Грузияның бұрынғы президенті

Грузияның бұрынғы президенті, Украинадағы Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили 8 тамызда Литваға барды. Украина билігі 26 шілдеде оны азаматтықтан айырғаны туралы мәлімдеген. Вильнюсте бір топ саясаткер мен белсендіге қосылып Ресей елшілігінің алдына барған Саакашвили 2008 жылы Ресей Грузияның территориясына басып кірген оқиғаға бес жыл толғанын наразылық акциясы арқылы атап өтті.

Саакашвили Еуропарламент депутаты Петрас Ауштрявичюстің Литва азаматтығын алу туралы ұсынысынан бас тартты. Саясаткер Украина паспортымен жол жүріп жүргенін және АҚШ-та болған кезінде президент Петр Порошенконың оны азаматтығынан айыру туралы шешім шығарғаны заңсыз екенін айтты.

7 тамызда Саакашвили Польшада Азаттыққа сұхбат беріп, Украина азаматтығын қайтарып алу үшін сотқа жүгінетінін мәлімдеген.

2004-2013 жылдар арасында реформашыл, батысшыл президент ретінде Грузияны басқарған Саакашвили 2015 жылы Одесса облысының губернаторы болып тағайындалып, Украина азаматтығын қабылдаған кезде өз елінің паспортынан айырылған.

Ол 2016 жылғы қарашада жемқорлыққа қарсы күресіне билік кедергі жасады деп президент Порошенконы айыптап, қызметінен кеткен. 8 тамызда Украинаның шекара қызметі Саакашвили бұл елге келсе, паспорты тәркіленіп, өзі шекарадан кері қайтарылады деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG