Accessibility links

Әкім: Ақтөбеде ауа 93,7 мың тонна қалдықпен ластанған


Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі. 8 тамыз 2017 жыл.
Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі. 8 тамыз 2017 жыл.

Биыл Ақтөбе қаласындағы кәсіпорындар ауаға 93,7 мың тонна зиянды қалдық шығарып, ластаған. Бұл туралы 8 тамыз күні облыстық әкімдікте өткен жиында айтылды.

- Ақтөбеде ауаны ластайтын 167 орта және ірі кәсіпорын бар. Соның тоғызы ауаны жүйелі түрде ластап отыр. Экологияға жауапты департаменттердің оларға нақты шара қолданбағанына бірнеше жыл болды. 20-30 мың теңге айыппұл төлеткізумен ғана шектеледі. Егер бақылаушы органдардың іс-шаралары нәтижелі болса, Ақтөбені жағымсыз иіс жайламаған болар еді, халық та наразы болмас еді. Бұл өте өзекті мәселе. Соңғы кездері экологияны жақсарту үшін түрлі іс-шаралар қолға алына бастады. Алайда әзірше нақты нәтиже жоқ, - деді Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбе облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұловтың сөзіне қарағанда, ақтөбеліктер көміртек оксиді, органикалық емес шаң-тозаң, азот тотығы, 2 % күкірт диоксиді және тағы басқа зиянды қалдықтармен тыныстап отыр. Ал Ақтөбені жайлаған жағымсыз иіс күкіртсутегінің рұқсат етілген шектеулі концентрациясының жоғары болуынан туындаған.

Экология мәселесіне арналған жиында Бердібек Сапарбаев атмосфералық ауаны ластаушы кәсіпорындарға талапты күшейту керектігін айтты. Жиынға "атмосферадағы ауаны ластаушы" кәсіпорын өкілдері мен экологияға жауапты мекеме басшылары да қатысты.

XS
SM
MD
LG