Accessibility links

Путин: Ресей Абхазия қауіпсіздігіне кепіл болады


Ресей президенті Владимир Путин Абхазия басшысы Рауль Хаджимбамен кездесіп отыр. Пицунда, 8 тамыз 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Абхазия басшысы Рауль Хаджимбамен кездесіп отыр. Пицунда, 8 тамыз 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путиннің мәлімдеуінше, Ресей Грузияның жікшіл аймағы саналатын Абхазияның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне кепіл болуға әзір.

Путин 8 тамызда Пицунда қаласында Абхазия басшысы Рауль Хаджимбамен кездесті. "Ең бастысы, біз Абхазияның дербестігі мен қауіпсіздігіне, тәуелсіздігіне кепіл береміз. Солай бола беретініне сенімдімін" деді Путин.

Грузия сыртқы істер министрлігі Ресей президентінің бұл сапарын сынға алып, мұны "Грузияның мемлекеттік шекарасын бұзу және Мәскеудің Грузияға қарсы саясатын жалғастыру" деп бағалады.

НАТО да Путиннің 2008 жылы тамыздағы бес күндік соғысқа тоғыз жыл толған күні жікшіл Абхазияға жасаған сапарын сынады. Тоғыз жыл бұрын Мәскеу Абхазияның, сонымен бірге тағы бір жікшіл аймақ - Оңтүстік Осетияның "тәуелсіздігін" мойындады.

Ресей Абхазия мен Оңтүстік Осетияға мыңдаған әскери қызметкерін орналастырған. Грузия билігі Мәскеуді және жікшілдерді соңғы бірнеше айда грузин аумағындағы жаңа учаскелерге бақылау орнатқаны үшін айыптады.

XS
SM
MD
LG