Accessibility links

Навальный қоры Ротенбергтер байлығы туралы видео жариялады


Аркадий Ротенберг, Ресей миллиардері.
Аркадий Ротенберг, Ресей миллиардері.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың Коррупциямен күрес қоры ағайынды Борис және Аркадий Ротенбергтердің және оларға жақын адамдардың "кәсіпкерлік" қызметін зерттеген видео ролигін жариялады.

Зерттеуге Рублевский шоссесіндегі жылжымайтын мүлік, Италиядағы вилла алынған. Борис және Аркадий Ротенбергтер Ресей президенті Владимир Путиннің ленинградтық серіктері саналады. Олар жаттықтырушы Анатолий Рахлиннің самбо секциясында бірге жаттыққан.

Аркадий Ротенберг - 2012 жылы Forbes журналының рейтингісіне бір миллиард доллар байлығымен енген миллиардер. Борис Ротенберг Forbes-ке 2010 жылы 700 миллион доллар байлығымен енген. 2015 жылы Борис Ротенбергтің байлығы бір жарым миллиард долларға бағаланған.

Аркадий Ротенбергтің ұлы Игорь - "Платон" төлем жүйесі туралы келісімге қатысушылардың бірі, Италияда ірі жер иелерінің бірі. Видеоролик авторларының сөзінше, бұл жердің аумағы Ватикан территориясынан бес есе үлкен.

XS
SM
MD
LG