Accessibility links

Қырғыз имамдары дүкендерде ішімдік сатпауға үгіттеп жүр


Баткен облысының Қадамжай ауданында ауыл дүкендерін аралап жүрген қырғыз имамдары. Қырғызстан, 8 тамыз 2017 жыл.
Баткен облысының Қадамжай ауданында ауыл дүкендерін аралап жүрген қырғыз имамдары. Қырғызстан, 8 тамыз 2017 жыл.

Қырғызстанның Баткен облысы Кадамжай ауданына қарасты Марказ және Майдан айылының (ауыл) имамдары ішімдік сатылатын дүкендерді аралап, спирттік ішімдіктер сатпауға шақырып жүр. Бұл туралы Азаттыққа Марказ ауылының имамы Ибрахим Айткулов хабарлады.

- Имамдар ауылдағы барлық дүкендерді аралап шықты. Олар сатушыларға дінде тыйым салынған спирттік ішімдіктердің зиянын түсіндіріп, оны сатудан бас тартуға шақырды. Дүкендегілер алкоголь сатпауға уәде берді", - деді ол.

Айткуловтың айтуынша, имамдар мұндай акциясын жалғастыруды көздеп отыр. Түсіндіру жұмыстарынан соң көптеген дүкендер спирттік ішімдікті сатуды доғарды, деді ол.

Бұған дейін Қырғызстанның бірқатар ауылдарында алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған болатын.

XS
SM
MD
LG