Accessibility links

ЕҚЫҰ: Қырғызстандағы сайлауға 374 бақылаушы жібереміз


Қырғызстандағы жергілікті атқару органдарына сайлаудағы дауыс беру. Бішкек, 11 желтоқсан 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Қырғызстандағы жергілікті атқару органдарына сайлаудағы дауыс беру. Бішкек, 11 желтоқсан 2016 жыл (Көрнекі сурет).

ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқығы бюросы (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Қырғызстандағы президент сайлауын бақылауға қысқа мерзімге 350 бақылаушы, ұзақ мерзімге 24 бақылаушы жібереді. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, бұл жайында ЕҚЫҰ ДИАҚБ-тың Бішкектегі бағдарламасының кеңсесінде айтқан.

ЕҚЫҰ-ға мүше елдерден баратын бақылаушылар Қырғызстан аумағындағы сайлау барысын бақылайды. Бұдан өзге, олар сайлау кезіндегі қырғызстандық БАҚ-тың жұмысын да қадағалайды.

ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі өкілдігі Қырғызстан билігінің сұрауымен 2017 жылдың мамырынан бастап мәртебесін "ЕҚЫҰ орталығы" деген атаудан "бағдарламалық кеңсе" деп өзгерткен.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанға белгіленген. Президент сайлауына түсуге 50-ден адам өтініш білдірген. Қазірге дейін бұрынғы премьер-министр, "Ак Шумкар" партиясының жетекшісі Темір Сариев қана ресми түрде президенттікке кандидат болып тіркеліп, Орталық сайлау комиссиясынан ол туралы куәлік алды. Төрт саясаткер - "Онугуу Прогресс" партмясының жетекшісі Бақыт Торобаев, "Бутун Кыргызстан" партиясының басшысы Адахан Мадумаров және "Ата Журт Мекенчил" партиясының жетекшілері Ахматбек Келдібеков пен Камчыбек Ташиев таяуда бірігіп, бір партия құратынын және президенттікке ортақ кандидат ұсынатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG