Accessibility links

Душанбе: Тегеран 1990 жылдардағы кісі өлімдеріне айыпты


Тәжікстандағы азамат соғысы кезіндегі Душанбе (Мұрағат суреті).

Душанбе Иранды Тәжікстанда 1990 жылдары болған азамат соғысы кезінде жасалған қоғам назарына ілінген кісі өлімдеріне, оның ішінде 1999 жылы парламенттің бұрынғы төрағасы Сафарали Кенжаевтің өліміне кінәлі деп айыптады.

Тәжікстанның мемлекеттік телеарнасында көрсетілген 45 минуттық деректі фильмде Тәжікстан сыртқы істер министрі Тегеранның "Тәжікстанда азамат соғысын тұтатуға мүдделі болып, Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясына (ТИҚП) қаржылай көмек көрсеткенін" және "оның сарбаздарын Иран территориясында жаттықтырғанын" мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, ТИҚП-қа қаржылай қолдау көрсетіп, оның жасақтарына қастандық жасауға тапсырма қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, 1990 жылдары партия дала командирлерінің бірі болған Ходжа Халим Назарзода арқылы берілген. Назарзода 2015 жылы қыркүйекте Душанбе түбінде "қарулы бүлікті" басу операциясы кезінде көзі жойылған.

1997-2004 жылдар аралығында тәжікстандық бірқатар қоғамға белгілі тұлғалар қастандықтан қаза тапқан. Тәжікстан мен Иран арасындағы шиеленіс өткен жылы да туындаған. Бірақ Душанбе Иранды жиырма жыл бұрын жасалған саяси кісі өлімдеріне және оларды қаржыландыруға кінәлі деп алғаш рет ашық түрде айыптап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG