Accessibility links

Парижде әскерилерді көлік соғып, 6 адам жараланды


Париждегі полицейлер мен полиция көлігі (Көрнекі сурет).
Париждегі полицейлер мен полиция көлігі (Көрнекі сурет).

Париж полициясы қаланың солтүстік-шығыс шетінде бір топ әскери қызметкерді жеңіл көлік соғып өтіп, алты француз сарбазы жараланғанын хабарлады. Оқиға 9 тамыз күні Леваллуа-Перре ауданында жергілікті уақыт бойынша сағат 8 шамасында болды. Оқиға орнында қауіпсіздік қызметі арнайы операция жүргізіп жатыр.

Алты сарбаздың төртеуі жеңіл жараланған, екеуінің жағдайы ауыр. Әскерилердің қаққан көлік оқиға орнынан қашып кеткен.

Леваллуа-Перре мэрінің айтуынша, BMW көлігінің бір топ сарбазды әдейілеп келіп қаққанына күмән жоқ.

"Полиция көлікті іздеп жатыр" деп жазды Париж қалалық полиция департаменті Twitter-дегі парақшасында.

XS
SM
MD
LG