Accessibility links

Украиналық "Страна.ua" басылымы кеңсесін тінтіп жатыр


ИГорь Гужва, украиналық "Страна.ua" интернет басылымының бас редакторы.
ИГорь Гужва, украиналық "Страна.ua" интернет басылымының бас редакторы.

Украиналық "Страна.ua" интернет басылымының кеңсесінде және оның қызметкерлерінің үйлерінде тінту жүріп жатыр деп хабарлады Азаттықтың Украин редакциясы.

Украина қауіпсіздік қызметінің мәлімдеуінше, құқық қорғау органының қызметкерлері кеңседегі компьютерлерден "мемлекеттік құпия ақпарат" іздестіріп жатыр.

Өткен аптада украиналық БАҚ "Страна.ua" басылымының бас редакторы Игорь Гужвадан құпия мәліметтер бар флешка тәркіленгенін жазған. Медиаменеджер мұны жалған деп атады.

Игорь Гужва ақша бопсалады деген күдікпен ұсталып, кейін кепілмен босатылған. Тергеу мәліметі бойынша, медиаменеджер "саясаткерлердің бірі туралы компромат жариялаймын" деп пара алған. Гужваның өзі украиналық депутаттардың бірі туралы сыни мақала жариялағалы бері қудалауға тап болғанын айтады.

XS
SM
MD
LG