Accessibility links

Навальныйдың Барнаулдағы штабы өкілін тұтқындады


Бетіне әлдекімдер жасыл дәрі шашып кеткен Алексей Навальный Барнаулдағы штабының ашылу сәтінде. 20 наурыз 2017 жыл.
Бетіне әлдекімдер жасыл дәрі шашып кеткен Алексей Навальный Барнаулдағы штабының ашылу сәтінде. 20 наурыз 2017 жыл.

Барнаулда оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың сайлауалды штабының үйлестірушісі Артем Косарецкий тұтқындалды. Бұл жайында "Прогресс" партиясының аймақтық бөлімінің басшысы Ольга Фотиева Facebook-те хабарлады. Белсендіге полиция қызметкеріне бағынбады деген айып тағылып, сотқа жеткізілген.

Косарецкийдің "Медиазона" басылымына айтуынша, ол 9 тамыз күні таңертең тергеушінің өзін шабуылға қатысты іске жәбірленуші ретінде шақыруы бойынша полиция бөліміне барған. Маусымның соңында белсендіге ол қала мэриясына митингіге рұқсат алу үшін барғанда пышақ салған болатын. Тергеушінің кабинетінен шыға берісте оны тұтқындаған. Оған толтырылған хаттама бойынша, Коарецкий рұқсат берілген митинг кезінде полиция қызметкерінің қолынан "экстремизмге жол бермеу" туралы қағазды алмаған.

Навальный Ресейде 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысқысы келеді. Оны президенттікке үміткер етіп ұсыну бастамасын 600 мыңға тарта адам қолдаған. Азаматтар оның сайлауалды кампаниясына 100 миллион рубльден астам қаржы жинап, 135 мыңға тарта ерікті қызмет көрсетуге жазылған.

Соңғы айларда Ресей бойынша Навальныйдың жақтастары түрлі қысым мен қоқан-лоқыға ұшырап отыр. Навальныйдың 70 сайлауалды штабына осыған дейін шабуыл жасалып, бұғатталып, тінтіліп, кеңсе техникалары мен Навальныйды қолдайтын материалдарын тартып әкеткен.

Ресей Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін Навальный қаржы жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танылғандықтан президенттікке кандидат бола алмайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG