Accessibility links

Германия ауған босқындарын жаппай депортацияламайтын болды


Берлиннің орталығындағы ауған босқындары.
Берлиннің орталығындағы ауған босқындары.

Германия билігі ауған мигранттарын жаппай еліне қайтару шешімінен бас тартты. Германияның сыртқы істер министрлігі мен ішкі істер министрлігі Ауғанстандағы жағдайды қайта қарап, оны "қауіпсіз елдер" тізімінен шығарды.

Осы уақытқа дейін Берлин Ауғанстанның қауіпсіздік жағдайын қанағаттандырарлық деп бағалап келген. Мұндай "қауіпсіз" елдер қатарына Албания, Македония, Черногория және Сербия енгізіліп, бұл елдердің босқындары елдеріне қайтарыла бастаған.

Германия билігі өткен жылы қарашада 10 мыңға жуық ауған мигрантын еліне қайтаруға шешім қабылдаған. Мамыр айында Кабулда тіркелген жойқын жарылыстан соң Ауғанстандағы қауіпсіздік деңгейі қайта қаралды.

2016 жылы Германия ауғанстандық 27 босқынды, ал 2015 жылы тоғыз босқынды еліне қайтарған. Қазір Германияда 250 мыңға жуық ауғандық бар. Бұл - Ауғанстаннан кеткен азаматтардың шамамен 5 пайызы.

XS
SM
MD
LG