Accessibility links

Ашғабадтан тәуелсіз БАҚ-ты қудалауын доғаруға шақырды


Солтан Ачилова, Азаттықтың Түркімен редакциясының тілшісі.
Солтан Ачилова, Азаттықтың Түркімен редакциясының тілшісі.

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқығын қорғау ұйымы мен "Адам құқығы бойынша түркімен бастамасы" ұйымы Азия Олимпиада кеңесінің басшылығынан Түркіменстан билігінен журналистердің кәсіби жұмысын кедергісіз атқаруын талап етуін сұрады.

Халықаралық ұйымдар "Олимпиада хартиясы БАҚ бостандығын құрметтеуді талап етеді, сол себепті Азия Олимпиада кеңесінің басшылығы әділетсіз бас бостандығынан айрылған журналистердің босатылуын талап етуі тиіс" деп есептейді халықаралық ұйымдар.

Олардың мәлімдемесінде Түркіменстанда бұқаралық ақпарат құралдары қиын жағдайда жұмыс істеп жатқаны айтылған.

Тәуелсіз журналист,Азаттықтың Түркімен редакциясының тілшісі Солтан Ачилова соңғы уақытта қатты қысым көрді, оған бірнеше мәрте шабуыл жасалды.

Түркіменстан белсендісі Гаспар Маталаев та жалған айыптармен түрмеде отыр. Азаттықтың штаттан тыс тілшісі Сапармамед Непескулиев 2015 жылы шілдеде "есірткі заттарын сақтаған" деген айыппен үш жылға сотталды. Құқық қорғаушылар Непескулиевтің ісін қолдан ұйымдастырылған деп біледі.

XS
SM
MD
LG