Accessibility links

17 ел Венесуэла "Конституциялық ассамблеясын" мойындамады


Венесуэлада "Конституциялық ассамблеяны" сайлау күні болған қақтығыс. Каракас, 30 шілде 2017 жыл.
Венесуэлада "Конституциялық ассамблеяны" сайлау күні болған қақтығыс. Каракас, 30 шілде 2017 жыл.

Оңтүстік және Солтүстік Американың 17 мемлекеті Венесуэланың жаңа құрылған "конституциялық ассамблеясын" заңды деп танудан бас тартты. Бұл жайында Канада, Бразилия, Аргентина, Мексика, Чили, Колумбия, Перу сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесінде айтылады.

Перудің Лима қаласында өткен кездесуде министрлер Венесуэладағы "демократиялық тәртіптің құлауын" айыптап, ел парламентінің шешімдерін ғана заңды деп тануға келісті. Қорытынды баспасөз конференциясында сөйлеген Перу сыртқы істер министрі Рикардо Луна Венесуэла президенті Николас Мадуроның билігін диктатура деп атады.

Венесуэла оппозициясы, азаматтық белсенділер, көптеген Батыс елдері мен халықаралық ұйымдар таяуда үкіметті қолдайтын "конституциялық ассамблея" сайлауын билікті узурпациялау әрекеті деп бағалаған. Шексіз өкілеттікке ие органды президент Мадуро өзіне оппозициядағы парламентке балама ретінде құрған.

Латын Америкасының солшыл режим басқаратын елдері - Венесуэла, Никарагуа, Эквадор және Куба мүше аймақтық ALBA тобы 8 тамызда Каракаста өткен кездесуде Николас Мадуроға қолдау білдірген.

XS
SM
MD
LG