Accessibility links

Қырғызстанда Текебаевты емтиханға жіберу жайы қаралады


Оппозициялық саясаткер, "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев сотта отыр. Бішкек, 5 маусым 2017 жыл.
Оппозициялық саясаткер, "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев сотта отыр. Бішкек, 5 маусым 2017 жыл.

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) оппозициялық саясаткер, "Ата Мекен" партиясы президенттікке кандидат етіп тұсынған Омурбек Текебаевты мемлекеттік тіл білімін анықтайтын емтиханға жіберу мәселесін қарайды.

Қырғызстанда президент сайлауына түсуге өтініш білдіргендер мемлекеттік тіл сынағын тапсыруы тиіс. "Ата Мекен" партиясының жетекшісі, ақпан айынан бері "коррупция" ісімен қамауда отырған Текебаев емтиханды 26 шілдеде тапсыруы тиіс болатын. Бірақ әзірге емтихан тапсыру мәселесі шешілген жоқ. Саясаткерге қарсы істі қарап жатқан Бішкектің Первомай аудандық соты Текебаев адвокатының оны емтиханға жіберу туралы өтінішін орындаудан бас тартқан.

ОСК заңда қамауда отырған кандидатты мемлекеттік тілден емтихан тапсыруға рұқсат беретін ереже жоғын айтады. Қырғызстан Жоғарғы соты "Бұл мәселе бойынша ОСК әрекетсіз" деп таныған Бішкектің аудандық соты шешімін күшінде қалдырған.

- Президенттікке кандидаттардан құжат қабылдайтын ОСК-ның жұмысшы тобы бұл мәселені бүгінгі отырыста көтереді. Біз сот шешімін сыйлаймыз. Қырғызстан Жоғарғы соты бұл мәселе бойынша бір жақты шешім қабылдануы тиіс деп ұйғарған. Бүгінгі отырыста мұны ескереміз, - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайдалбеков Азаттықтың Қырғыз редакциясына.

XS
SM
MD
LG