Accessibility links

Алматы түбінде ұшақ апатынан екі адам қаза тапты


Алматы облысының картасы (Көрнекі сурет).
Алматы облысының картасы (Көрнекі сурет).

"Алматы түбінде Азаматтық авиация академиясының "Технам 2002" шағын ұшағы құлап, екі адам қаза тапты" деп хабарлады инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті.

Ресми мәлімет бойынша, ұшақ апаты 10 тамыз күні таңертең сағат 9:53-те Алматыдан 43 километр қашықтағы Азем аэродромына жақын маңда болған. "Технам 2002" ұшағы аэродромнан 2 километр ұшып шығып, оқу-жаттығу тапсырмасын орындап жүрген кезде құлаған. Апаттан ұшқыш инструктор мен курсант қаза тапты" делінген комитет хабарламасында.

Қазір инвестиция және даму министрлігінің тергеу департаменті ұшақ апаты бойынша тергеу бастаған.

XS
SM
MD
LG