Accessibility links

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) Баткен облысының соты "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының мүшесі делінген үш қырғыз азаматын ұзақ мерзімге соттағанын хабарлады.

Сот оларды қылмыстық кодекстің "қарақшылық жасауға дайындалу", "жалдамалылық", "атыс қаруын заңсыз сақтау", "мемлекеттік шекараны бұзу", "жалған құжат пайдалану", "жаулық тудыру" баптары бойынша айыпты деп тапқан. Айыптыларға 12 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру, мүлкін тәркілеу жазасы кесілді. Сотталушылар жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтемек.

МҰҚК ақпараты бойынша, сотталғандар Сирия мен Иракта әскери дайындықтан өтіп, Қырғызстанға теракт ұйымдастыру және оны орындау үшін жіберілген.

Ресми мәлімет бойынша, Ирак пен Сирия территориясында 500-ден астам Қырғызстан азаматы жүр. Қырғызстан түрмелерінде терроризм және экстремизм айыбымен 185 адам жазасын өтеп жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG