Accessibility links

Роухани екі әйелді вице-президент етіп тағайындады


Масум Эбтекар, Иранның әйелдер және отбасы ісі жөніндегі вице-президенті.
Масум Эбтекар, Иранның әйелдер және отбасы ісі жөніндегі вице-президенті.

Иран президенті Хассан Роухани екі әйелді вице-президент қызметіне тағайындады. 8 тамызда ол үкіметтің жаңа құрамын ұсынған болатын және онда бір де бір әйел болмаған.

Роуханидің ресми сайтында оның Масум Эбтекарды әйелдер және отбасы ісі жөніндегі вице-президент, ал Лаайа Джонейдті құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президент етіп тағайындағаны туралы ақпарат жарияланды.

Эбтекар Роуханидің алғашқы президенттік өкілеті тұсында қоршаған ортану қорғау жөніндегі вице-президент болған. Ол кезде тағы бір әйел вице-президент Шахиндот Молаверди болған еді. Роухани оны қазір азаматтық істері жөніндегі көмекшісі етіп тағайындаған.

Иранда вице-президенттерді президенттің өзі тағайындайды және оны парламенттің мақұлдауы қажет емес.

8 тамызда Роухани парламентке жаңа үкімет құрамын ұсынған. Ондағы 18 кандидаттың 17-сі - ерлер. Алдағы аптада парламент үкімет кабинетіне кандидаттарды қарауы тиіс.

Әзірге ғылым министрі кім болатыны жарияланған жоқ.

XS
SM
MD
LG