Accessibility links

Прокурор Текебаевты 10 жылға соттауды сұрады


Омурбек Текебаев өзіне қарсы іс бойынша сотта отыр. Бішкек, 5 маусым 2017 жыл.
Омурбек Текебаев өзіне қарсы іс бойынша сотта отыр. Бішкек, 5 маусым 2017 жыл.

Бішкектің Первомай аудандық сотында бейсенбіде оппозициялық "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев пен экс-министр Дуйшенкул Чотоновтың ісі бойынша сотта жарыссөз басталды.

Прокурорлар Текебаевты 10 жылға, Чотоновты 8 жылға соттауды сұрады. Прокурор сонымен қатар олардың дүние-мүлкні тәркілеп, бостандыққа шыққан соң үш жылға дейін мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салуды сұрады.

Қырғызстан билігі Текебаевқа қарсы істі ресейлік бизнесмен Леонид Маевский мен оның танысы, Ресей азаматы Алексей Модиннің арызы бойынша қозғаған. Олар "Мегаком" телекоммуникация компаниясының акциясын иеленуге өздеріне көмектесу үшін "Текебаевқа делдал арқылы бір миллион доллар бергенін" мәлімдеген.

Бұл іс бойынша Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі әрі бұрынғы төтенше жағдайлар жөніндегі министр Дуйшенкул Чотоновқа да айып тағылған. Чотонов та Текебаев сияқты ақпан айында бішкекте ұсталып, қамауға алынған. Екі саясаткер де өздеріне тағылған айыпты "саяси астары бар" деп мойындамайды.

XS
SM
MD
LG