Accessibility links

Бюро: "БТА Банк" ісі бойынша тағы бір күдікті тергеліп жатыр


"БТА Банк" кеңсесі (Көрнекі сурет).
"БТА Банк" кеңсесі (Көрнекі сурет).

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" қаржысын жымқыру бойынша қылмыстық істегі күдіктілердің бірі Ержан Қадесов Венгриядан Қазақстанға оралды деп хабарлады. Бюро ақпаратына қарағанда, Қадесов Будапешттен 24 шілдеде "өз еркімен" оралған. Бұл іс бойынша 7 маусымда Алматы соты "БТА Банктің" бұрынғы басқарма төрағасы, шетелде тұратын оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязовті сырттай 20 жылға соттаған.

Әблязов "БТА Банкті" басқарып тұрған тұста банктің проблемалық несиелер басқармасы бастығының орынбасары болған Қадесовке 2009 жылы сырттай айып тағылып, халықаралық іздеу жарияланған. Ресми мәлімет бойынша, 2016 жылы оның Будапеште екені анықталып, ұсталған.

"Қадесов өз кінәсін толық мойындап, Әблязовтің "БТА Банк" қаржысын қалай жымқырып, ізін жасырғанын және Қазақстаннан банк пен өзіне бағынышты компаниялардың қызметкерлерін қалай шығарғаны туралы егжей-тегжейлі мағлұмат беріп отыр" делінген.

Коррупцияға қарсы қызмет Қадесовтің тергеу органдарына болысқанын ескеріліп, оны қамау түріндегі бұлтартпау шарасын кепілге босатумен алмастырылғанын және оған қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатқанын айтады.

ВИДЕО: Мұхтар Әблязовке шығарылған сот үкімі (07.06.2017)

Әблязов сырттай 20 жылға сотталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:53 0:00

XS
SM
MD
LG