Accessibility links

Шешенстанда жоғалғандардың аналары жәрдем сұрайды


Шешенстанда хабар-ошарсыз кеткен тұрғындардың аналары еуропалық құқыққорғаушылардан жәрдем сұрап жазған хат.
Шешенстанда хабар-ошарсыз кеткен тұрғындардың аналары еуропалық құқыққорғаушылардан жәрдем сұрап жазған хат.

Шешенстанда хабар-ошарсыз кеткен тұрғындардың аналары "ұрлап әкетіп, сотсыз өлтірілген" деген болжам айтылып жүрген балаларының тағдырын анықтауға еуропалық құқыққорғаушылардан жәрдем сұрады. Бұл туралы хабарлаған Азат Еуропа / Азаттық радиосының "Кавказ.Реалий" сайты аналардың құқыққорғаушыларға жазған ашық хатының суретін жариялады.

Хат авторлары хабарсыз кеткен туыстарын өз күштерімен іздеуге тырысқандары, оларды табуға Шешенстанның билік органдары ешқандай іс-әрекет жасамай отырғаны туралы жазған. Хатқа ондаған адам қол қойған.

Шілденің 31-і күні Ресейдің "Новая газета" басылымы өткен жылдың соңы мен биылғы жылдың басы аралығындағы қыс мезгілінде Шешенстанда ондаған адамның ұсталғаны туралы құжаттардың көшірмесін жариялаған. Басылым дерегі бойынша, "солардан 27 адамды қаңтар айында сотсыз өлтірген". Олардың туыстарын жоғалған адамдардың "Сирияға соғысқа кеткені туралы" жазып, қол қоюға мәжбүрлеген деп хабарланған еді.

Шешенстанның ұлттық саясат, сыртқы байланыс, баспасөз және ақпарат жөніндегі министрі Жамбулат Умаров газет мақаласының "ешқандай дәлел бола алмайтынын" айтып, билік органдары терроршы болуға үгіттейтіндермен "алдын ала жұмыстар" жүргізгені туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG