Accessibility links

Египетте екі пойыз соқтығысып, ондаған адам мерт болған


Александрия маңында пойыз апаты болған жерде тұрған адамдар. Египет, 11 тамыз, 2017 жыл.
Александрия маңында пойыз апаты болған жерде тұрған адамдар. Египет, 11 тамыз, 2017 жыл.

Египетте жұма күні пойыз апаты салдарынан кемінде 36 қаза болып, 120-дан астам адам зардап шеккен. Бұл туралы Египеттің ресми орындары хабарлаған.

Төтенше оқиға Александрия қаласы маңында болған. Ел астанасы Каирдан келе жатқан пойыз Порт-Саид қаласынан Александрияға жолаушылар апара жатқан пойызға соқтығысып қалған. Reuters агенттігі оқиға куәгерінің сөзіне сілтеме жасап, қатты жылдамдықпен келген пойыздардың бірі алдындағы пойызбен соқтығысқаны туралы хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша, соңғы келе жатқан теміржолдағы бағдаршамның жүруге тыйым салған белгісіне қарамай өтіп кеткен. Апат салдарынан бірнеше вагон мен бір локомотив темір жолдан шығып қалған.

Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілген.

XS
SM
MD
LG