Accessibility links

Ресейде Украин азаматы "теракт" айыбымен сегіз жылға сотталды


Артур Панов сотта отыр.

Ресейдің Солтүстік Кавказ округтік әскери соты "Дондағы Ростов қаласында теракт жасамақшы болған" деп айыпталған 19 жастағы украиналық Артур Пановты сегіз жылға бас бостандығынан айырған. Сот үкімі жұма күні шықты деп хабарлады Азаттықтың Орыс қызметі.

Әскери сот Пановтың сыбайласы ретінде Ростов қаласының тұрғыны Максим Смышляевті 10 жылға бас еркіндігінен айырған, ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болды.

Луганскіде туыс-өскен Артур Пановты 2015 жылғы желтоқсанда Ресейдің Дондағы Ростов қаласында "Украинамен арадағы шекарадан босқын кейпінде заңсыз өткені" үшін ұстаған. Тергеу материалдарыда Пановтың Ростовтағы "Горький атындағы драма театрдың көрермендер залында қолдан жасалған бомба жарылысын ұйымдастырмақшы болғаны" айтылған.

Максим Смышляев (оң жақта) сот залында тұр.
Максим Смышляев (оң жақта) сот залында тұр.

Тергеу болжамы бойынша, Максим Смышляев Пановқа кеңестер берген. Смышляевтің өзі теракт және билікті күшпен өзгерту идеялары туралы "жағымсыз сөздер" айтқанын мойындаған.

Мамыр айында Артур Панов Еуропалық адам құқықтары жөніндегі сотқа шағым түсірген. Сонымен бірге ол өзін Украинаға қайтаруды талап еткен. Панов түрмеде бірнеше мәрте аштық жариялаған.

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG