Accessibility links

Ақтау маңында жеңіл көлік пен тепловоз соқтысқан


Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласының маңында бүгін түнде тепловоз бен жеңіл көлік соқтығысып қалған деп хабарлады Tengrinews агенттігі. Төтенше оқиға түнгі сағат бір жарым шамасында болған.

Жергілікті Lada.kz сайтына оқиға куәгерлерінің баяндауынша, теңіз портына баратын жол бойында жеңіл көлік теміржолдағы тепловозбен соқтығысқан. Көлік жүргізушісі тепловозды «көрмей және дауысын естімей» қалғанын айтқан.

Апат салдары туралы әзірше ақпарат түскен жоқ.

XS
SM
MD
LG